Іздеу

Қостанай облысына инвестициялаудың себептері

Удобное географическое расположение

Ыңғайлы географиялық орналасуы

Қостанай облысы көлемі 25 миллион адамнан артық тұтыну нарығының орталығында орналасқан. Облыс батыста Орал және оңтүстік-шығыста Орталық Қазақстан сияқты дамыған өнеркәсіптік аудандармен көршілес болуының арқасында тиімді экономикалық-географиялық жерде орналасқан. Қостанай облысы Қазақстан Республикасының төрт облыстарымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік-Қазақстан) және Ресей Федерацияның үш облыстармен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.

Благоприятный бизнес-климатҚолайлы бизнес-климат

Қолайлы бизнес-климат куәлігі ретінде бизнесті реттеуге байланысты заңнаманы объективті бағалауға жол беретін, Әлемдік банктің және Doing Business-2017 халықаралық қаржы корпорациясының халықаралық рейтингі болады және 190 елдерде қолданылады. Осы рейтингке сәйкес бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша жалпы рейтингте Қазақстан 35 орында, оның ішінде «Миноритарлық инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша – 3 орында, «Келісім-шарттарды орындау» көрсеткіші бойынша – 9 орында.

Соңғы 10 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 5 есеге ұлғайды және 6.22 млрд. АҚШ долларды құрайды.

2016 жылы облыстың кәсіпорындарында 1,75 млрд. АҚШ доллар сомаға өнеркәсіптік өнім шығарылды.

2016 жылы ивестициялар 0,52 млрд. АҚШ доллардан артық соманы құрады.

Қазіргі таңда облыс кәсіпорындарының сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы 80-нен артық мемлекеттерді қамтиды. 

Облыстың өнімі негізінде Қытайға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Өзбекстанға және әлемнің басқа елдеріне экспортталады. Импорттық өнім әлемнің 66 елдеріне жеткізіледі, олардың ең ірілері Ресей Федерациясы, Жапония, Қытай, Германия, Украина және тағы басқалар болып табылады.

Қазіргі таңда Қостанай облысында автомобильдердің өндірісі бойынша жобалар іске асырылуда, осы жобаның іске асырылуындағы біздің серіктестер  Peugeot, Iveco, Ssang Yong, Hyundai, Jac және Geely сияқты компаниялар болып табылады.

Наличие высококвалифицированных трудовых ресурсов Жоғары білікті еңбек ресурстары

  • Халқы: 883,9 мың адам
  • Облыстың кәсіпорындарындағы жалдамалы жұмыскерлердің саны 188 627 құрайды
  • Экономикалық белсенді халық – 74%
  • 2016 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 314 АҚШ долларды құрады
  • 20,1 мың студент оқитын 8 жоғары оқу орындары
  • 41 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары және 23,8 мың студент.

Богатые природные ресурсы Бай табиғи ресурстар

Қостанай облысында пайдалы қазбалардың 32 түрі белгілі және түрлі деңгейде зерттелді. Пайдалы қазбалардың және минералды шикізаттың шамамен 400 кең орны, оның ішінде: құрылыс материалдың – 234 кен орны, 18-темір, 22 - боксит, 7 - алтын, 2 – титан, 10 – көмір, бір-бірден – күміс, никель және мырыш кен орындары барланды. Облыс республиканың бірегей темір кенді және бокситті базасы болып табылады. Өңірде Қазақстан Республикасының жалпы баланстық қорларының 92,6% темір кендерінің қоры (әлемдік қордың 4%), 98,2% – боксит, 81,2% - кобальт, 51,6% - никель, 4,6% - титан, 3,1% - алтын шоғырланған.

Қостанай облысында жер қойнауын пайдалану саласында ең ірі кәсіпорындар:

  • «ССТӨБ» АҚ (темір кендерің ашық және жер асты өндірісі, теміркенді шекемтастардың және концентраттың өндірісі);
  • «Варваринское» АҚ (мыс концентратының және «Доре» қорытпасының өндірісі);
  • «Қазақстаналюминийі»АҚ-тың филиалы Краснооктябрьский бокситтік кен басқармасы (бөксит өндірісі);
  • «Қостанай минералдары» АҚ (хризотил-асбест кендерін өндіру және байыту);
  • «Оркен» ЖШС Лисаков филиалы (темір кенін өндіру және байыту) болып табылады.

Поддержка инвестиционной деятельности Инвестициялық қызметті қолдау

Инвестицияларды тарту – Қостанай облысы дамуының басым бағыты.

Шетел инвесторлары бизнесті орналастыруға және құруға арналған орындарды таңдау кезінде Қостанай облысында инвесторларға және бизнеске ықпалын тигізеді деп танылған «Тобол» ӘКК» АҚ-тың инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығында кәсіби қолдауды алып тұра алады.

Қостанай облысының әкімшілігі инвесторларға:

  • Инвестициялық жобаның сәтті іске асырылуы үшін оңтайлы жағдайлардың жасалуына;
  • Жобаның іске асырылуының барлық сатыларында максималды қолдауға;
  • Мәселелердің шұғыл шешілуіне, процестердің анықтығына, ашық диалогтың болуына кепілдік береді.

Біз Сіздің бизнесіңіздің тиімді және тұрақты болуына мүдделіміз.